ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ.

БАҚ өкілдері аймақтық коммуникациялар орталығында  облыстық  мәслихаттың депутаты Шәкизада Әбдікәрімовпен бас қосты. Онда халық қалаулысы  үстіміздегі жылғы елбасының халыққа арнаған Үндеуі мен Жолдауы жайлы тілшілерге айтып берді.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен брифингте  облыстық мәслихат депутаты  Шәкизада Әбдікәрімов  әуелі елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауының  ерекшелігіне  тоқталды.Елбасы атап көрсеткендей  бірінші жаңғырту кезінде  ширек ғасыр бұрын  еліміз жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшті. Одан кейін екінші жаңғырту  тұсында «Қазақстан-2030» стратегиясы қабылданып,.артта қалған аймақтан  әлемнің озық 50 елінің қатарына  қосылдық .Астана салынды. Енді алда үшінші жаңғыртуды бастау  міндеті тұр деп  бес басым бағытты атап көрсеткені белгілі.Бұл жаңғырту- экономиканың жедел технологиялық жаңаруына соны серпін ,инновациялық салаға күш қуат бермек.

Поделиться:

Автор Айзада Муратова

Корреспондент телеканала "Когам-ТВ"

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>