Тіркелмеген есептегіш құрал

Ақмешіт мөлтек ауданы 27 үйдің тұрғындары үйге кіре беріс есіктегі Дамафонымыз жұмыс жасамайды. Себебі жарықтан ажыратылған деп шағымданған болатын. Бұл мәселенің толық шешімін білу үшін әріптесіміз Мереке Серікболқызы оқиға орнында болып қайтты. Тұрғындардың шағымын тыңдау үшін Ақмешіт мөлтек ауданына келдік. Мұндағы айтқалы отырған мәселе есік алды жарығы мен дамафонның жұмысын тоқтатуы.Себебі жарықтан ажыратылған.Тұрғындардың айтуынша бұл қызмет түрлері жаңғырту жұмысының ішіне кіретін болар деп жүрміз.Сонда төленетін қаржы есебінен бөлінген болар деп ойладық, себепсіз жарығымызды неге өшірді екен деп шағымданған болатынбыз дейді. Осы мәселе турасында толық түсіндірме жұмысын жүргізу үшін Энергосервис ЕЖШС-і мекемесінен арнайы заңгер маманы келді. Көп қабатты тұрғын үйдің 1-ші қабатнда расында есептегіш құралы тұр. Дегенмен есепке алынбаған. Нақты болу үшін ашып айтсақ. Үй алды жарығы мен дамафонға кеткен киловат тар ысырап болуда. Ал ол бұл учаске басшысы үшін шығын болып тіркеледі. Жарықта мекеме басшысы мен қызметкерлерінің тасымалдап отырған тауар көзі. Бұл мекемеде милондаған, млрд ған қаржы көзіне осы жарықты сатып алып отыр. Сол себепті заңгер Энергосервис мекемесімен алдағы уақытта жұмыс жасауға болатыны турасында түсіндірді. Егер осы мекемеге тіркелсе жарыққа байланысты барлық қызмет түрлеріне мекеме жауап бермек. Ал қарызы бар, есепке алынбаған есептегіш құралды ары қарай қосып қоюға болмайтыны айтылды. Ал тұрғындар бұл ұсыныс турасында ойланатындықтарын жеткізді.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>