Сыр еліне келген қонақтар

Қызылорда қаласына 2 күндік сапармен келген Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының гала концерті болып өтті. Әлем классиктерінің операсын орындаған өнерпаздар халықтың ықыласына бөленді.

Филармония

Әнді нақышына келтіре орындау, оны жүрекпен көрерменге жеткізу және ешбір фонограммасыз сахнада айтып беру екінің бірінің қолынан келе бермейтін дүние. Әрбір айтар өлеңнің өзіндік ойы, мағынасы болады. Ең бастысы халыққа жүрекпен жеткізсе болғаны.Киелі мекенге келген қонақтар қазақ компазиторларының шығармашылығынан, атап айтар болсақ, А. Құнанбаевтың, Ш.Қалдаяқовтың және әлемге әйгілі И.Штраустың, И.Кальманның, Ф.Легараның оперетталарын орындады. Аталмыш шараға ҚР еңбек сіңірген әртістері, қайраткерлері және де Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының ұжымы мен халықаралық конкурстардың лауреаттары қатысты. Әлем классиктерінің операсын орындаған өнерпаздар халықтың ықыласына бөленді.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>