Студенттер ана мен бала орталығында

Облыстық ішкі саясат басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» және Қызылорда қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұйымдастыруымен, Ана мен бала орталығында, жас отбасылармен сала мамандары кездесу өткізді.

АНА МЕН БАЛА

Кездесу барысында «Ана мен бала» орталығының гинекологы, неонатолог педиатр, генетик және психолог мамандары кездесуге келген студенттерге түсіндірме берді. Келешек жастардың бала туу мен күтімі жайлы толық мәлімет айтылды. Кездесудің негізгі мақсаты: отбасы бірлігін сақтау, болашақ отбасыларға кеңес беру. Студенттермен кездесудің соңы конференцияға ұласты. Онда жас отбасылар мен білікті дәрігерлер қатысып, жұмыстары туралы сөз етті. Жалпы орталықта тіркеу бөлімі, босануға келген, босанып болғаннан кейінгі, жас отбасыларға көмек көрсету,отбасыны жоспарлау, ақылы бөлім кабинеттері көмек көрсетеді. Босану мен жаңа туған сәбиге көмек көрсету түрлі заманауи технологиялармен жабдықталған. Конференцияда сан мәселелер сарапталып, жастардың көкейінде жүрген сұрақтар өз шешімін тапты.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>