Шиелідегі кәсіптік білім берудің болашағы

Шиелі индустралды-аграрлы колледжі сапалы кәсіптік білім беріп, жан-жақты жетілген мамандар дайындап қана қоймайды, сонымен бірге олардың әр түрлі үйірмелерге қатысып, дүние танымдарын тереңдетіп, салауатты өмір салтын қалыптастырып шығуларына да баса көңіл бөледі. Бұған біз облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған пресс турда көз жеткізіп, куә болып қайттық.

Біз қай кезде де қандай жағдай болмасын, не бір оқыс оқиғаға дайын болуымыз керек. Бұл бір жамандық шақырғандық емес, бірақ заман талабы сондай. Төтенше жағдайлықтардың да дәстүрлі оқу-жаттығулары   осындай қажеттіліктен туындап отыр. Сондықтан да біз өз уақымызда ГТО нормасын орындап, азаматтық қоғаныстың айла-тәсілдерін оқып, «Зарница» ойнап өскен ұрпақ Шиелі индустралды-аграрлық колледжінің кенеттен берілген дабылына таң қалғанымызбен қуанышымызда да жасыра алмадық. Дереу, колледж директорын сөзге тарттық.

Әскери қайраткер, армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қораныс министрі, «Халық қаһарманы» — Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетовтың өзі арнайы келген колледжде «Жас қыран» әскери-патриоттық тобы жұмыс жасайды. Онда жауынгерліктің қыр-сырын үйренетін студенттер дабыл кезінде ланкестіктің алдын алып, оны ұйымдастырушыларды ұстау тәсілдеріне дағдыланады. Ал, қазіргі ешкім күтпеген жерден берілген дабыл шақыртуына жиналғандар су тасқынының алдын алу мен, ағын суды бөгеудің іс-әрекеттерін атқаруда. Дәнекерлеушілер арнайы темір тосқауылдар жасаса, буылған шом мен топырақ толы қап әкелгендер оны тасқын алдына толқын шайып кетпестей қылып мықтап төсеуде. Алғашқы медициналық көмек көрсететіндер мен   аспаздар да сақадай сай. Сондықтан да колледжде Сағадат Нұрмағанбетов пен осы оқу орынының директоры болған Ыбырайхан Нәлібаев атындағы арнайы тағайындалған шәкіртақы бар.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>