Отырыс сыбайлас жемқорлыққа арналды

«Нұротан» партиясының облыстық филиалында қоғамдық кеңес пен партиялық бақылау комиссиясының біріккен отырысы өтті. Отырыста сыйбайлас жемқорлыққа қарсы аймақтағы атқарылған тоғыз айлық жұмыстың қорытындысы талқыланды. Облыстық филиал төрағасының орынбасары Әділбек Ерсұлтанов төрағалық еткен жиында алдымен Нұротан партиясының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарының барысы айтылды.Сосын мемлекеттік қызмет істері жөнідегі облыстық департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байқожаев баяндама жасап, биылғы 9 айдағы осы бағыттағы жұмыстарға талдау жасады. Оның айтуынша бүгінге дейін кеңестің 7 отырысы өтіп ,онда қызметтік әдеп нормаларын бұзған жалпы 37 мәселе талқыланғанын жиналғандарға жеткізді. Қаралған тәптіптік істердің 26-сы мемлекеттік қызметшілерге тиісті екен. Қаралған тәртіптік істердің басым көпшілігі яғни 46 пайызы жер заңдылықтарына, ал 34 пайызы мемлекеттік сатып алу заңнамаларының бұзылуы байланысты өткізілген. Әдеп жөніндегі комиссия 16 лауазымды тұлғаның ісін тәртіптік жауапкершілікке тартып, екеуін атқарып отырған қызметінен босатқан. Теріс қылықтары мен қызметтеріне кір келтіргені үшін онбіріне түрлі ескертулер берген. Біріккен отырыста шығып сөйлеушілер , бастауыш партия ұйымдары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстарды әлі де болса жандандырып, тәртіпті қатаң сақтау керектігіне назар аударды.Сондай-ақ ,халық сенген мемлекеттік қызметшілер жауапкершілікті өзгелерден артық сезініп, қоғамға,мемлекетке жат әдеттерден бойларын аулақ ұстаулары тиіс- деді .

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>