Облыс өнерпаздары өзбек елін тәнті етті

Облыстық филармонияның өнерпаздары Өзбекстан еліне гастрольдік сапармен барып келді. Олар осы сапарларында көрші елдің Ташкент, Науаии, Самарқан және Гагарин қалаларында болып, ондағы көрермендерді қазақ өнерімен сусындатты.

Филармония

Филармонияның көркемдік жетекшісі Азиз Іздіқұловтың концерттік бағдарламасын облыс өнерпаздары ала тақиялы ағайындарға паш етті. Жалпы бұл шара өзбек ақыны Әлішер Науаидің 575 жылдығы мен қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналып отыр. Сыр өнерпаздары 5 күн Өзбекстан Республикасының Ташкент, Самарқанд, Науаи және Гагарин қалаларында болып, ондағы жұртты қазақ өнерімен тамсантты. Бүгінде Өзбек елінде 1,5 миллионға жуық қандастарымыз тұрады. Осы концерт арқылы олар тарихи отандарының үнін естіп, ұлттық өнерімен қауышты. Қай қаладағы шарада болсын көрермен залында ине шаншар орын болмай, халық толы болды. Өзбек сахнасында қазақтың ұлттық өнері мен бірге жаңа заманғы ән мен билері де орындалды. Сыр өнерпаздары ұлттық өнерімізге деген көрші елдің қызығушылығын арттыра білді. Филармония ұжымы осы концерттік бағдарлама арқылы бауырлас елмен мәдени байланыс орнатуды мақсат еткен. Бұл мақсат орындалды да.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>