ОБЛЫС ӘКІМІ ҚАЙСАРЛЫҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Өткен жексенбіде футболдан ел біріншілі мәресіне жетті. Сыр елінің намысын қорғап жүрген Қайсар командасы биылғы маусымды үздік алтылықта қорытыныдылады. Құрмет төрінен көрінген футбол ұжымын аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев қабылдады.Соңғы ойнын Тараз қаласында өткізген дала қасқырлары көптен күткен жеңісінің арқасында, Қарағандының Шахтерін артқа тастап, 6-шы орынға орнығып, мақсатын орындады. Бір маусым үзілістен кейін жоғарғы біріншілікке қайта оралған жергілікті команда 33 ойында 11 мәрте жеңіске жетсе, 9 рет  тең түсіп, 13 рет қарсыластарына есе жіберді. Чемпионатта барлығы 198 кездесуде 488 гол соғылса, соның 30-ын қайсарлықтар соққан. Мақсат Байжанов, Володамир Аржанов және Матиас Курьорлар бес доптан соқса, Тоқтар Жаңғылышбай мен Франк Джа Джедже біріншілікте 4 мәрте көзге көрінді. Команданың бас жаттықтырушысы болгарлық маман Стойчо Младенов наурыз айында үздік жаттықтырушы деп танылды. Облыс әкімімен  өткен кездесуде қайсарлықтар футбол ұжымы ойыншыларының қолтаңбасы бар допты сыйға тартты

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>