Оң істер көп онкологиялық орталықта

Бүгінде не көп, ауру көп.Олардың түрлері де жылдан жылға арта түсуде.Мәселен ел арасында бұрындары қатерлі ісіктің асқазан, өңеш сияқты бір- екі түрі кездессе енді әйелдердің сүт безі ,жатыр мойны науқастары көбеюде.Сондай-ақ соңғы жылдары оған бауыр ,қуық асты безі ауруларда қосылуда. Мұндайлар тек қариялар мен орта жастағыларда ғана емес жастар арасында да белең алып барады. Үкімет бұндай
науқастардың алдын алу үшін әр жылы қаражатты аяп жатқан жоқ. .Өйткені денсаулық тек жеке адамның емес,халық тың, отанның байлығы. Шахмұрат Оспанов осы орталықтың хирургия бөлімінің меңгеушісі. Тәжірибесі мол, талай дімкәс жандарды ажал аузынан алып қалған маман. Оның айтуына қарағанда бөлімде күніне кейде 3-4 науқасқа дейін ота жасалынады екен.Жылына есептегенде оның саны 500 -600-ден асып кететін көрінеді. Шиелі ауданынан жатқан Тұрар Тоқмұратовтың жасы 50-ден жаңа асқан.Орта жастағы ол биыл қаңтар айында қатты ауырып ,тамағынан суға да өтпей қалған.Осында келіп, ота жасатқан.Қазір денсаулығы жақсы. Тамақтың барлық түрін өлшеммен жей береді.Ай сайын келіп, дәрігердің айтқандарын екі етпей орындап ,ем алып жүр. Жандары көзінің ұштарына көрініп келген мұндай науқастар орталықта әрине аз емес.Бәрінің шықпас жандарына себепші болып жүрген ақ халаттыларға айтар алғыстары шексіз..Ал сала дәрігерлері медицинаның соңғы жетістіктерін пайдаланып сапалы қызмет етуге барын салуда.Бұл істе сәулемен жан- жақты емдейтін «терагам» аппаратының орны ерекше.Аппарат кез келген қатерлі ісікті болдырмауға көп жәрдем етеді.Орталық тек науқастарды түрлі жолдармен емдеп қана қоймай онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша да түрлі шаралар өткізуде.Әрине мұндайлардың халыққа тигізер пайдасы ұшан теңіз.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>