Нәзік жандыларға арналған дағдарыс орталығы ашылды

Облыс орталығында нәзік жандыларға арналған дағдарыс орталығы ашылды. «Жан» деп аталатын бұл орталық қорғансыз әйелдердің қамын күйттейтін болады. Жаңа нысандағы мамандар әйелдерге психологиялық және медициналық көмекпен қатар пана сұрап келгендерге жайлы орында қарастырмақ екен. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

Қаламызда әйелдерге арналған дағдарыс орталығының тұсау кесері өтті. Жалпы бұл орталық қорғансыз әйелдерге көмек көрсететін болады. Қиындыққа ұшыраған нәзік жанды мезгілдің қай уақытында болсын осында келіп паналауға мүмкіндігі бар. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшылар бұл аналарға жасалып жатқан қолдау деп біледі.
Отбасы болғаннан соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды дейміз. Бірақ кей ер-азаматтардың өзінің жарына зорлық-зомбылық көрсетіп жататындығы да жасырын емес. Полиция қызметкерлері ондай жағдайда әйелдердің барар жері, басар тауы қалмайды. Сондықтан бұл орталықтың ашылуы құптарлық іс дейді.
Дағдарыс орталығының ашылуына БҰҰ жанындағы экономикалық сұрақтар жөніндегі кеңесшілер қол ұшын созған. Олар бұл нысанды 6 ай бойы қаржыландырып, сапалы мамандармен қамтылуына да жағдай жасамақ. Одан соң облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өз қарауына алатын болады.
krizis01
Отбасындағы жанжалдан кей кездері ана мен қатар бала да зардап шегіп жатады. Денсаулығыны зиян келтіріп, күйзеліске ұшырайды. Ондай жағдайға тап келгендер осы орталыққа келіп, көмек сұраса, мәселесін шешуге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ мұнда келгендерге уақытылы тамақ беріліп, жайлы орынға жайғастырады.

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>