Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында сайыс өтті

Ертең 1 наурыз Алғыс айту күні. Осыған орай, мүгедектерге арналған оңалту орталығында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында түрлі сайыстардан бақ сынасқан спартакиада өтті.
Талсуат 2
Мүмкіндігі шектеулі жандар 8 түрлі сайыстан бақ сынасты. Арқан тарту, қол күрес, тир, стол теннисі, дойбы, шахмат, бильярд, ұлттық ләңгі ойыны. Жарыс 1 наурыз Алғыс айту күніне орайластырған. Спартакиаданың ашылу салтанатына облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының орынбасары Айгүл Болатқызы қатысып, ашып берді.
Талсуат 1
Іс шараның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, бұқаралық спортты одан әрі дамыту, денешынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, халық арасында достық пен өзара сенімді нығайту саясатын тереңдету үшін бұқаралық спорттың рухани әлеуетін пайдалану. Қатысушылар бүгінгі ұйымдастырылған шараға өз ризашылықтарын білдірді.
Талсуат
Спорттың әр түрінен жеңіске жеткен және жүлдегер командаларды спорт түрлері бойынша естелік сыйлықтармен, дипломдармен марапаттады.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>