Ерекше мысық дүниеге келді

Қызылорда қаласына қарасты Қаракөл ауылында ерекше мысық дүниеге келді. Бұл марғаудың басқалардан айырмашылығы алдыңғы 2 аяғының жетілмей қалуы. Бірақ, кішкентай бала мысық өз кемшілігін елемей, бауырымен жорғалап-ақ кәдімгідей ойнап, секіре алады.

Котенок

Бұл марғаудың анасы Маркиса есімді мысық. Шалбаевтар отбасына келіп, 4 жылдан бері қожайындарының жанында. Мысық осы аралықта қанша марғауды дүниеге әкелседе мұндай жағдай болған емес екен. Бұған дейін бір-екеуімен ғана шектелсе, бұл жолы үшеуін туған. Дүниеге келгеніне бар болғаны 1 айдан асыпты. Ерекшелігі — екі аяғы жетілмей қалған. Соған қарамастан, сүйкімді бала мысық асыр салып ойнағанда, өзге бауырларын шаң қаптырады. Бауырымен жорғалап, өзіңмен жарыса алады. Өз бетінше тамағын жеп, тірлік етеді.Басында шошыдық дейді үй иесі. Көзін құртып, өлтіреміз бе деген ой да келген екен. Алайда, кішкентай тіршілік иесі өмір сүруге тиісті деп шешіпті.
Үй иесі Қаракөл ауылының ветеринарына хабарласқан. Алайда олар мән бермепті де. Бізде хабарластық. «Ол экология ғой» деген ғана жауап алдық. Әрине, біздің елде үй жануарларына мән беріле қоймайды. Егер шетелде болса мұндай мәселе басты назарға алынар ма еді. Өткен жылы дәл осындай ерекше мысық АҚШ та дүниеге келген екен. Қожайындары ол мысықтың аяғына протез орнатуға кірісіпті. Иә, бізде мұндай шараға бара қоюымыз нейғайбыл. Тек не себептен осындай ерекшеліктермен туылатын жануарларды зерттемейміз? Мұндай табиғаттың ауытқушылығының салдары неге апаруы мүмкін?

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>