Демеу гранты кәсіпкерлерге демеу болды

«Демеу» гранттары халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына, көп балалы аналарға, жұмыссыздар мен мүгедектерге беріліп отыр. Нәтижесінде 13 тігін цых, 10 бөдене, қаз, тауық өсіру шаруашылығы, 7 шағын наубайхана, 6 кондитерлік цех, аяқ киім жөндеу шеберханалары, жихаз цех, вулканизиция, жылыжай, шаштараз секілді шағын кәсіп нысандары ашылады. Аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы грантты табыстау рәсімінде кәсіпкерлерге үлкен сенім артатындығын жеткізді. Өз істеріне жауапкершілікпен қарау керек екендігін қадап айтты. Жалағаш ауданының тұрғыны Әлимаш Нұржан осы алған гранты арқылы аудан орталығынан наубайхана ашсам дейді. Осы арқылы 2-3 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ. Алған қайтарымсыз несиені өз кәсібіне жұмсап, отбасылық бизнесті жолға қойсам деген ниеті бар. Ал қармақшылық Шырынкүл Күзембаева, сүт өнімдерінен жасалатын, құрт, ірімшік, майды тәп-тәуір бизнес көзіне айналдырамын деп білек сыбануда. Бүгін алған қаржысы арқылы жаңа құрылғылар алып, облыс тұрғындарын сапалы құрт-маймен қамтамасыз етемін дейді. Аймақ басшысы грант иелеріне осы алған қаржыны өз орнына жұмсап, нәтижесін көрсетсе келесіде бұдан да қомақты демеу болатынын айтып өтті. Шара соңында жаңа кәсіпкерлер облыс әкімімен естелік суретке түсіп, қуанышты көңіл-күймен тарқасты.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>