Батырлар туралы кітаптың тұсауы кесілді

Жақында «Нұротан» партиясының қолдауымен «қазақстандықтар-ұлы жеңістің батырлары» атты жаңа екі томдық кітап шықты. Жеңістің 71 жылдығына орай жарық көрген бұл басылым отан үшін от кешкен батырлардың жаңа есімдерімен толыққан.Жетекші партияның облыстық филиалында осы туындының тұсау кесер рәсімі өтті.

Нур Отан

Бұл «қазақстандықтар-ұлы жеңістің батырлары» нұротан партиясының «ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында жарық көріп отыр.Редакциялық алқасына ұлы отан соғысы бойынша ресей мен беларус елдерінің беделді мамандары шақырылған. Сондай өзіміздің елдің көптеген мекемелері мен ұйымдары да өздерінің лайықты үлестерін қосқан. Кітап тек батырлардың ерліктері туралы мәліметтерді таныстырып қана қоймай жас қазақстандықтардың олардан үлгі -өнеге алуы үшін , бойларына патриоттық сезімді сіңіруі үшін жазылған құнды дүние. Бұрын біз ұлы отан соғысы тұсында 500- ден аса қазақстандық кеңес одағының батыры атанды деп келсек, көптеген ізденістер мен зерттеулердің нәтижесінде оларыдң саны 615 болыпты. Бұл ел қорғаған боздақтардың қатарына еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қазақстанның халық қаһарманы атағына алған тоғыз батыр қосылған.Қазір елімізде 6 кеңес одағы батырының көзі тірі. Бәрінің ата –тектері,есімдері салыстырмалы талдаулар арқылы толық әрі нақты жазылған. Тұсау кесер рәсіміне ұлы отан соғысының ардагері , мемлекет және қоғам қайраткері ыдырыс Қалиев қатысып ,отан үшін бір қасық қаны қалғанша дұшпанмен айқасқан сарбаздар жайлы жазылған кітаптың жас ұрпаққа берер тәлім- тәрбиесі мол-деді. Басылым мұрағаттардағы деректердің басым көпшілігінің орыс тілінде жазылыуына орай тек орыс тілінде жарық көрген.Алдағы уақыттары мол таралыммен ағылшын және қазақ тілінде шығарылып, барлық кітапханаларға да таратылмақ.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>