Ауыз су жүйесі іске қосылды

 

Жаңақорған ауданындағы Аққорған ауылдық округінде ауыз суі жүйесі жаңғыртылып, бүгінде ауыл тұрғындарына сапалы сумен қамтамасыз етілуде. «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша жүзеге асқан жұмысты облыс әкімі Қырымбек Көшербаев көріп, оның ашылуына салтанатына қатысты.


жанакорган 3

Бүгінгі таңда облыстағы 262 елдімекеннің 185-і орталықтандырылған су жүйесіне қосылып, таза ауыз сумен толықтай қамтамасыз етіліп келеді. Облыс әкімінің айтуынша, өңіріміз таза ауыз сумен қамтылу жөнінен республикада бірінші орынға табан тіреген.

 

Ал Жаңақорған ауданындағы Түгіскен елдімекенінің ауыз су жүйелерін кеңейтіп, қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін 2014-ші жылға республикалық бюджеттен 250 млн теңге қаралған. Онымен қоса облыстық бюджеттен былтырғы жылы 27 млн теңге игерілді. Ол қаражатқа бір жыл ішінде магистральды ауыз су құбыры жүргізіліп, ауылдың бас су қоймасы жаңғытылды. Құрылыс монтаж жұмыстары былтырғы жылдың мамыр айында басталған. Бас мердігер Бақ Береке 2030 ЖШС-і. Нысанның жалпы құны 890 млн тг..

 

жанакорган 1

Сонымен қатар, Түгіскен ауылындағы 2 бас су қоймасы қайта жаңғыртылды. Магистральды және әрбір тұрғынның үйіне ауыз су құбырлары тартылып берілді. Су есептігіш қондырғыларын да орнатты. Биыл мемлекет қазынасынан тағы да қосымша қаражат бөлінді. Ол да Түгіскен ауылына пуыз су құбырларын тарту жұмыстары жалғастыру үшін бағытталған. Айта кету керек, соңғы екі жарым жылда «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша аймағымызға 24 млрд теңге бөлінген.иә, осындай атқарылып жатқан берекелі істер халық игілігі үшін.

Поделиться:

Автор Самат Баймаханов

Редактор телерадиокомпании "Қоғам ТВ"

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>