Ауыр жұмыста жүрген нәзік жандылар

Аймағымызда 46 жылдан бері тоқтаусыз жұмыс жасап келе жатқан ірі зауыттың бірі «НұрСтрой КСМК» мекемесі. Мұнда 40 жылдан бері табан тіреп ауыр жұмыс жасап жүрген нәзік жандылар бар. Зейнет жасына жетсе де байырғы жұмысшылар жұмыстарын ынталарымен атқарып келеді.
Завод
Бұл Марина Лим. Татар ұлтының қызы. Қазақтардың арасында жүріп қазақ боп кеткен. 40 жылдан бері осы зауыттың ыстығына күйіп, суығына тоңып келе жатқан жұмысшысы. Ол кран айдаушы. Кранның тілін жетік меңгеріп алған. Кезінде бұл ірі зауыт болатын. Шығарылған бетондар Ресей мемлекетіне жіберілетін. 2 жарым мыңнан астам жұмысшы тынымсыз жұмыс жасайтын. Оның 700 ден астамы әйелдер еді. Ал, бүгінде мұнда 300 ге жуық жұмысшы бетон шығаруда. 30 ға жуық әйел аналар ауыр жұмыстың басында жүр. Бірақ олар өз істерін сүйеді. Кейбірі зейнет жасына шыққан. Сонда да жұмыстарын тастамақ емес. Мұнда өзге ұлттың өкілдері көп. Орыс, татар, ұйғыр ұлтының аяулы жандары бар. 16 жастан бастап жұмысқа орналасқан жас қыздар бүгінде немере сүйген әже. Зауыт өз мамандарын қайта құру замандарында да, дағдарыста да түрлі қиындықтарға қарамастан өз мамандарын сақтап қалған бірден бір ұжым. Темір түюшілер, оларды дәнекерлеушілер, кран жүргізушілері ауыр жұмыстың барлығы бір өздеріне жүктелген. Бірақ, олар үшін ең қымбат дүние — 40 жылдан бері сақталып қалған ауызбіршілікті ұжымы.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>