Аула клубтары жұмыс жасауда

Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында Қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы бойынша «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы қоғамдық қорымен бірігіп аула клубтарының жобасын жүзеге асыруда жұмыстар атқарылуда. Сәуірде жұмысын бастаған бұл жоба қазан айына дейін жалғаспақ.
аула клубы1
Жазғы уақытта әлеуметтік жағдайына байланысты ата аналар балаларының барлығын демалыс тынығу лагерлеріне жібере алмайды. Бос уақыттарын тиімді өткізіп жаңа достар табу мақсатында арнайы аула клубтары ашылып жұмыс жасауда. Мұнда 6-15 жас аралығында балалар «Қазіргі заман биі», «Қолөнер», «Жас суретші » үйірмелері мен шағын футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы секцияларына қатысады. Бүгінде қаламызда барлығы 6 аула клубы бар. Балалар саны 20 тіпті кейбір аула клубтарында 30 бала. Белгіленген бір жетекщі арнайы балаларға бар өнерді үйретіп, жаңа достар табуына көмектеседі. Бірнеше айдан бері жұмыс жасап келе жатқан Сабира Майқанова атындағы «Жұлдыз» аула клубында Айгерім Самратова жетекшілік қызметте. Осы мөлтек ауданда тұратын, үйірмелерге тіркелген барлық бала өнерлі, клуб аралық сайыстарда жеңіске жетіп жүргендіктерімен мақтанатындықтарын жеткізді.

Аула клуб

Жанына футболды серік еткен Әбдіғанидің бұл оралыққа келгеніне де біраз уақыт болмаған. Алайда осындағы үйірмелерден үйренгенім көп деседі. Жаңа достар тапқан. Бос уақытында ермек саздан түрлі жануарлар бейнесін жасаумен қатар, шахмат, тоғызқұмалақ ойындарын да біраз меңгерген.

аула клубы3

Аула клубтары үшін барылығы 3 млн қаржы бөлінген. Сала мамандары қазан айына дейін жұмыс жасайтын үйірмелер саны алдағы уақытта артатындығында жеткізді.

Will take them only a few writing research paper midnightpapers.com seconds before they provide you with the most feasible academic answer.

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>