Үздік мұғалімдер марапатталды

Бүгін облыс әкімі үздік мұғалімдерді марапаттады. Ұлттық біріңғай тестілеуден сыр өңірі биыл жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Орташа көрсеткіш 81,7 балл. Бұл республика көлемінде 16-шы, 13-ші орында боған Қызылорда облысы үшін әрине үлкен жетістік.

Білім саласына бөлінген қаржы, жасалған жағдай биыл оң нәтижесін көрсетті. Облыс республика бойынша өткен жылы ұлттық біріңғай тестілеудің қорытындысымен 13-ші орында болған болса, биыл бірден 5-ші орынға шықты. Бұл кездейсоқтық емес. Жүйелі жұмыстың жемісі. Облыс әкімі келген кезден бастап, білім саласын мықтап қолға алғаны есімізде. Ол үшін бір мезетте 27 директорды қызметінен де босатты. Әрине, бұл салаға жаңа леп қажет еді. Міне, нәтижесі көз алдарыңызда.

Озық бестікке іліну үшін оқушылармен қоса ұстаздарға да қажетті қолдау көрсетілді. 500 мұғалім біліктілігін арттырып, меткеп бітірушілермен тең дәрежеде сынама тестілеуден өтті. Ал түлектер Талдысу, Қамбаш оқыту, сауықтыру орталықтарында білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алған. Айта кету керек, «Алтын белгіге» үміткер 231 баланың 139-ы өз білімдерін дәлелдеп шықты.

Өткен жылдан бастап Қызылордалық жас түлектер үшін облыс әкімінің білім гранттары тағайындалған болатын. Оған үлгерімі жақсы, ауылдық жердің балалары ілінді. Бұл жоба биыл да жалғасын тауып, жүздеген оқушы еліміз бен Ресейдің маңдай алды оқу орындарына жолдама алып отыр. Сонымен қатар, халықаралық олимпиадаларда топ жарып жүрген 58 түлек те арнайы грант иегері атанды. Облыстың білім саласына үлес қосқан, ҰБТ-да оқушылары жоғары көрсеткішке қол жеткізген 11 білім саласының майталмандары «Құрмет» грамотасымен және 20 ұстаз «Алғыс хаттармен» марапатталды.

«Алтын белгі» иегерлерінің бастауыш сыныптағы жетекшілері Астана қаласына саяхаттауға мүмкіндік алып отыр. Білім саласындағы жұмыстар мұнымен тоқтамақ емес. Алдағы 3 жылда Назарбаев зияткерлік мектептерінің әдісі бойынша оқытатын 22 мектептің жұмысын жолға қою жоспары бар. Бұл жобаға 8 млрд. теңгеге жуық қаражат жұмсалмақ. Сөз соңында аймақ басшысы экономикалық дағдарыстың білім саласына ешқандай кері әсерін тигізбейтінгін жеткізді.

Tips on choosing https://essayclick.net/ the best service always ask potential candidates for a trial to get a better understanding of their skills and talents.

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>