Қызылордалық дәрігерлер жүрекке кезекті ота жасады

Соңғы кезде облысымыздың медицина саласы қарыштап дамып, түрлі оталар жасала бастады. Облыстық медицина орталығында кардиологиялық бөлім ашылғалы өңір тұрғындары жүрекке ота жасау үшін облыс асып, шығынға батпайды. Қызылордалық дәрігерлер Алматы, Астана дәрігерлерімен әріптестік қатынаста жұмыс жасап, өз мүмкіндіктерін арттыруда. Шет елдерде оқып, біліктіліктерін жетілдіріп жүр. Осы жұмыстардың арқасында оталардың небір қиын түрлерін жергілікті хирургтар өздері жасап, оң нәтижеге қол жеткізіп келеді. Кеше облыстық медицина орталығында алматылық дәрігерлер мен сырбойылық мамандар бірлесіп тағы бір күрделі ота жасады.
1omc
Ота төсегіне жатқызылған бұл жолғы науқастың жасы небары 45 жаста. Оның жүрек қан тамырлары бітеліп, жүректің күші азайған дейді дәрігерлер. Жүрек көлемі ұлғайып, кенеттен өлім қаупі артқан көрінеді. Сондықтан дәрігерлер оның кеудесіне арнайы аппаратты орнатып, жүрек соғысын қалыпқа келтірмек.

Ота 1 сағатқа жуық жасалды. Дәрігерлер науқастың кеудесін ғана жансыздандырып, оның кеудесіне апаратты орнатты. Хирургтар егер науқас күтініп, дәрігерлер берген нұсқауларды мүлтіксіз орындаса, аппарат 7-8 жылдан да артық жұмыс жасайды дейді. Бұл отада алматылық дәрігерлер тек жергілікті дәрігерлердің жұмысын қадағалаумен болды. Облыстық медицина оратылығының дәрігерлері отаны бастан-аяқ өздері жасап шықты.

3omc

Облыстық медицина орталығында мұндай оталар жылына 5-6 рет жасалады. Жүректің жұмысын қалыпқа келтіретін аппараттар мемлекет қаражаты есебінен шет елдерден алдыртылады екен. Әр апаттың құны 4-5 миллион теңгені құрайды екен.

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>