Қызылордада балалар ауруханасы ашылды

Сенбі күні қаламызда 200 орынға арналған көпсалалы балалар ауруханасының ашылуы өтті. Медициналық мекеменің ашылу салтанатына Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және академик, қазақстандық педиатрияның негізін салушы Камал Ормантаев қатысты. Жасыратыны жоқ, 2013 жылға дейін қызылордалықтар сапалы медициналық көмек алу үшін Алматы немесе Астана қалаларына баруға мәжбүр болып келген еді. Облыс әкімі соңғы төрт жылда аймақта медицина саласындағы ахуал айтарлықтай жақсарғандығын және тұрғындар облыстық медициналық мекемелерге көптеп жүгіне бастағанын жеткізді. Биылғы жылдың өзінде денсаулық сақтау саласының бюджеті 32 млрд тг ні құрады. Республика бойынша алдыңғы орында келеміз. Сонымен қатар академик Камал Ормантаев пен денсаулық сақтау саласының ардагері Ернияз Омаров қызылордалықтарды жаңа заман талаптарына сай салынған аурухананың ашылуымен құттықтады. Балалар ауруханасының құрылысы 2014 жылдың тамыз айында басталған. Жаңа ауруханада 11 бөлімше, 5 ота жасау блогы, 12 орындық жансақтау бөлімшесі, анестезия және консультативтік-диагностикалық бөлімше жұмыс істейді. Аурухана заманауи озық медициналық құралдармен жабдықталған.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>