Қылмыстық сотта жартыжылдық жұмыс қорытындыланды

Биылғы жылдың 3 айы ішінде Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 6 адамға қатысты 4 қылмыстық іс түскен. Өткен жылдан қаралған 2 іске үкім шығарылды. Осы жайында баспасөз өкілдеріне ұйымдастырылған брифингте мәлім етілді.

sot_Gulnur

Қылмыстық сотқа түскен істер ол – адам өлтіру, адамдар тобымен қарақшылық жасау, нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану. Осы мерзімде 4 іс 12 адамға үкім қабылдау арқылы қаралған. Өткен жылыдң осы мерзімімен салыстырғанда 1 іске азайған. Сотқа түскен күннен бастап 6 айдан астам қаралған істер орын алмаған.

sot_Gulnur01
sot_Gulnur02

Өткен жыл және биылғы жылы кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс жасағандар болмаған. Сондай ақ, есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты биылғы жылы қылмыстық істер қаралмаған. Алқабилердің қатысуымен істер өтпеген. Жұмыстың нәтижелігі болар, сот судьялары тарапына сот процесінде этика талаптарының бұзылуына немесе басқа да сыбайлас жемқорлыққа жол берілгені туралы арыз шағымдар түскен жоқ.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>