Қауіпсіздікті қатаң сақтаған қызметкерлер

Біздің әріптестеріміз «Рetro Kazakstan Құмкөл ресорсиз» компаниясының жұмыс жасап жатқан жеріне барып, ондағы жұмысшылардың хал-ахуалымен, қауіпсіздігінің қандай деңгейде екенін өз көздерімен көріп қайтты. Сондай ақ, жұмысшылар арасында қоршаған ортаны қорғау ісінің үздіктерін анықтау үшін сайыс өткізді. Толығырақ келесі бейнематериалында. Өңірімізде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бар, елдің әлеуетін көтеріп келе жатқан ірі кәсіпорынның бірі Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз мұнай компаниясы. Бұл компанияның акционерлері «Қытай Ұлттық Мұнай Компаниясы» және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы болып табылады. Бұл жерде қаншама қызметкер өз өмірлерін қатерге тігіп бұрғылау жұмыстарын жасайды. Сол себепті мұнда қауіпсіздік бірінші орында және әркез ережелердің қатаң сақталуы талап етіледі. «Ең бастысы қауіпсіздік» деген ұстанымды ұстаған бірлестік қызметкерлер арасында-қауіпсіздік ережелері мен қоршаған ортаны қорғау ісінің үздіктерін анықтау мақсатында сайыс өткізілді. Сайыс алты кезеңнен тұрды. Бірінші бөлімде өздерін өлең шумақтары арқылы таныстырып, келесі кезеңдерде білім деңгейлері сынға түсіп, қауіпсіздік пен алғашқы көмек көрсетудің алғы шарттарына бағытталды. Қатысушылардың жарыстағы еңбегі мен білімі жүйелі түрде бірден беске дейінгі балмен бағаланды. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталды. Ал қалған командаларға ынталандыру сыйлықтары беріліп, басқа да қызметкерлерге жасаған еңбектері үшін алғыс хаттар мен төс белгілер табысталды. Еліміз түрлі қазба-байлыққа толы болса- сол байлығымызды игеріп,түрлі қауіпке қарамастан халық қамы үшін қызмет жасап жүрген азаматтарымыз аман болғай.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>