Қайтарылмаған қарыздар

Жылу маусымы ортасынан ауды. Бірақ Қызылорда жылу электр орталығының қызетін пайдаланып отырған тұтынушылардың кейбірі тұтынған тауарына төлеу керектігін қаперлеріне де алмайтын сияқты. Амал жоқ орталық қызметкерлерді есік қағып алашақтарын жинап жүр.
reid ktec02
Қызылорда электржылу орталығының қызметкерлері тек пәтер иелерінің ғана емес кәсіпкерлердің де есігін тоздыруда. «Шұғыла» мөлтек ауданындағы 53 үйге орналасқан дәріхананың берешегінің өзі 80 мыңнан асқан. Жылу маусымы басталғаннан берешегі еселеніп келеді. Күндіз-түні демалмай қалаға жылу беріп отырғандар енді оларды жылудан ажыратты. Қашан қарызын толық төлегенше қосылмайды.
reid ktec03
Қаладағы көптеген пәтерлер жалға беріледі. Пәтерінің арқасында ақша тауып отырғандар сонда да жлыу үшін тқлеу керек екендігін ойланбайды. Жалдамалы пәтердегілер есіктерін ашпайды. Аша қалса қожайын төлейді деген жаттанды жауаппен құтылады. Қарызы барлар есіктерін ашпауға дағдыланып алған. Ал, аша қалғандар алғашқы ескертулерін алды. Бүгінгі күні пәтер иелері пайдаланған жылуы үшін 408 миллион теңге берешек. Заңды тұлғалардың қарызы 88 миллион.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>