ҚАЙСАР ПРЕМЬЕР ЛИГАДА ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

Премьер лигаға қайта оралған жергілікті қайсар футболшылары ел біріншілігінің тұсау кесер ойнын Былтырғы маусымда 4-ші орынмен тұрақтанған Көкшетаудың Оқжетпесімен кездесіп 1-0 есебімен жеңіске жетті.Қайсар командасы соңғы мәрте Көкшетаулықтарды 2012 жылдың 6 мамырында өз алаңында 1-0 есебімен жеңген болатын. Ал кос ұжымның соңғы 4 ойынында тек Оқжетпес ойыншыларының мерейі үстем болды. Владимир Мухановтың шәкірттері Қызылордаға тек жеңіс үшін келген еді. Төрешінің ысқырығы шалысымен қарсылас қақпаға шабуылдаумен болған қонақтар ойынның алғашқы жартысында допқа көп иелік етті. Виталий Волков, Марио Хорват және қызылордалықтарға етене таныс футболшы Сергей Кейлердің өткір шабуылдары Қайсар қақпашысы Марсель Исламқұловқа тыным бермеді.  Ойынның екінші бөлігінде Стойчо Младенов шәкірттері естерін жиғандай болып, Локоматив стадионына жиналған жанкүйерлерді голмен қуантуға тырысты. Ойынның 47 минутінде Ілияс Әмірсейітовтың оң қапталдан әріптестеріне асырған пасына Оқжетпес ойыншысы Виталий Волков өз қақпасына гол сала жаздады. Араға екі минут өтіп Қайсар шабуылшысы Стефан Николичтің соққысына Стеманкович кері қайтарды. Ойынның 59 минутінде дәл сол Стефан Николичтің тепкен добы қақпадан тым қисық кетті. Ойынның 73 минутінде қонақтар есепті ашатын 100 пайыздық  мүмкіндіктен айырылып қалды. Марио Хорваттың жойқын соққысы қақпа бағанасынан қисық кетті. 84 минутте БУРУНДИ ұлттық құрамасының ойыншысы Саиди Нтибазанкизаның соққысы тым жойқын болғанымен, голға айналмады.  Ойынның 90 минутінде Сергей Кейлер,  айып алаңында допты қолмен тоқтатты. Төреші  лям мим демей пенальтиге қолын серпіді. Нүктеге келген 27 жасар Черногориялық шабуылшы өз мүмкіндіген мүлт кетпей, Қайсарлықтарға жеңіс сыйлады.Енді қызылордалық қасқырлар 12 наурыз күні Тараз футболшыларымен кездеспек. Олжас  Дәуіт, Серікбол Желдербаев ҚҚТ

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>