«Қайсарға» жаңа бапкер келді

Қайсарға жаңа бапкер келді. Бүгін облыс әкімі «Қайсар» футбол клубының ойыншылары мен басқарушы құрамын қабылдап, футбол маусымының екінші жартысына жаңа міндеттер жүктеді.

"Қайсар" ФК

«Қайсар» ФК

Жаңадан келген Федор Щербаченко – Краснодар аймағының тумасы. Ол — «Москва», «Балтика», «Кубань» сияқты футбол командаларының жаттықтырушысы ретінде жемісті жұмыс істеген. Қазақстан Премьер-лигасының бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша өкінішке орай «Қайсар» соңғы орында. Сондықтан бар үміт жаңадан шақыртылған бапкерде.

Қырымбек Көшербаев, Облыс әкімі
— Өткен маусымда біз барынша «Қайсарға» қолдау көрсеттік. Алайда, нәтиже көңіл қуантарлықтай болған жоқ. Басшылық құрамды ауыстыруға мәжбүр еткен де осы жағдай. Дегенмен, әлі де үмітіміз бар. «Қайсарға» ең алдымен намыс керек. Ойын болғандықтан әртүрлі жағдай болатыны рас. Жеңілсе де, соңына дейін жақсы ойын көрсете алса біз қошемет көрсетуге дайынбыз. Сондықтан жанкүйерлерді де жеңісте болса да, жеңілісте болсын «Қайсармен» бірге болуға шақырамын.

Облыс әкімдігі «Қайсарға» барынша қолдау көрсетуге дайын. Бүгінгі басқосуда аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы экономикалық ахуалға қарамастан «Қайсардың» бюджеті қысқартылмайды деп мәлімдеді. Ендігі мақсат – пример лигада қалу. Басқосудан кейін өткізілген баспасөз мәслихатында бас бапкер «Тараз» футбол клубымен осы аптада өтетін ойынға қызу дайындық жүріп жатқанын айтты.

Федор Щербаченко, "Қайсар" ФК бас бапкері

Федор Щербаченко, «Қайсар» ФК бас бапкері

Федор Щербаченко, «Қайсар» ФК бас бапкері
— «Қайсарға» келер кезде бұрынғы ойындарына қарап, анализ жасадым. Биыл Премьер-лигадағы орынды сақтап қана қоймай, жоғары нәтиже көрсетуге болады. Оған мүмкіндік бар. Оның үстіне жергілікті билік үлкен қолдау білдіріп отыр. Бірақ көп жұмыс істеуіміз қажет.

Қырымбек Елеуұлы тиісті сала басшыларына бір ай көлемінде футболды дамытудың Жол картасын дайындауды тапсырды. Онда «Қайсардың» намысын қорғайтын балалардың еуропалық футбол академияларында тәлім алу мәселесін қарастыру қажеттігін айтты. Негізінде өңірде футболды дамытуға байланысты 2020 жылға дейін жоспарланған арнайы бағдарлама бар. Онда стадион салу, инфрақұрылым мәселелерін шешу қаралған болса, Жол картасының артықшылығы балалар футболына мән берілмек. «Қайсардың» символы қасқыр. Сондықтан ойында сол мінезді көрсету қажет деп қорытты аймақ басшысы.

Салтанат Шаханова
Фото авторы: Бағдат Есжанов

Without it, it would be useless to discuss reveal this sociology paper format as well as other essential details of your paper.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>