Ғасыр жасаған кейуана

Бүгінде жасы жүзге толған қарттардың бар екенін естіп білу таңғаларлық әрі қуанышты жаңалық.Облыста ғасыр жасаған кейуананың бірі Анапияева Малика. 1-қаңтар күні 100 ге толған.Еңбек етіп, еңбек есейген кейуананың 8баласы,20 немересі,23 шөбересі бар.
100_jas_Mereke_[kaz].avi.Still004
1916жылы 1 қаңтарда Жаңақорған ауданы «Кеңес» ауылында дүниеге келген Малика әжей 3 ағайынды. Гүлдей құлпырар шағы Ұлы Отан соғысына тұспа тұс келіп,алқаптарда ауыр жұмыстар атқарған.16 құрсақ көтерген кейуаның 8 баласы бар. Баларынан тараған немерелері 20 болса, шөберелері 23.87 жастағы кейуананың сіңілсі Шораева Айткүл апасының елден ерекше қасиеті әдемі даусы деп бір марқайып қалды. Малика ән айтқанда қимылсыз тыңдап қалушы едік. Керек десеңіз ел арасына «әнші Малика», «Өлеңші Малика» деп аты шыққан десті. 3 жылдан бері науқастанып қалған әжей қәзір намаз оқуын тоқтатып келінінің қарауында.
100_jas_Mereke_[kaz].avi.Still003
Сөзге шебер,жүрген жерін әзіл қалжынға толтырып жүретің әжейдің қолына 22 жасында Айгүл Сүлейменова келін болып түседі. Анасынан ерте айрылған қыз анамның қамқорлығын енемнен сезіндім. Білмегенімді үйретіп үнемі ақыл кеңесін беретін. Қаталдық көрген емеспін, үнемі жайдары жүретін енем күн нұрындай еді.Атам екеуі бірге ұлдарын ұяға ұшырып, қыздарын қияға қондырған жандар.Бәрі қызметте.
100_jas_Mereke_[kaz].avi.Still002
Малика Анапияева «Батыр ана». Алтын, күміс медаль иегері.96-97 жасына дейін денсаулығы сыр бермеген әжей көрші балардың тұсау кесер, бесік салар тойларына қатысып әнде шырқап жүрген. Тек қәзіргі уақытта ұзақ отыруға,сөйлеуге шамасы жоқ. Бірақ барлық айтқылғанды естіп азда болса жауап беруге тырысады. Бата сұрай келген бізге ақ тілегін жаудырды.
100_jas_Mereke_[kaz].avi.Still001

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>