Қазақша

Қызылорда қаласы Достық үйінде  Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтай отырысында айтқан идеологиялық жұмыстың негізгі бағыттары бойынша маңызды басқосу өтті.…

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Ғылым қызметкерлерінің күніне орай «Әлемді ғылым құтқарады – III» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шарада ректор Бейбіткүл Каримова өз сөзінде: «Ғылым – елдің болашағы. Университетімізде ғылым мен білімнің ұштасуына, жас ғалымдардың жаңа биіктерге жетуіне барлық жағдай жасалуда», – деп атап өтті.

Шара аясында Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінде пікірсайысшыларға арналған жаңа жобалық кеңсенің ашылу рәсімі де өтті. Бұл кеңсе – жастардың ойталқы мәдениетін дамытуға, жобалар жасап, пікір алмасуға арналған маңызды алаң. Жалпы білім беретін облыс бойынша 296 мектепте 307 клуб және 28 техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарында 28 дебаттық клубтарында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

 Есханов Қуаныш 1959-1963жылдары Жалағаш аудандық суғару жүйесі мекемесінің су пайдалану бөлімінде қызмет атқарған. Ол 1964-1965  жылдары жаңадан құрылған Сырдария ауданы Іңкәрдария,Жалағаш ауданы Жаңадария,Аққыр,Қармақшы ауданы Қуаңдария,Жаңақала,Қазалы ауданы Сарыбұлақ,Лақалы, және Қызылқұл совхоздарын ауыз сумен,қысқы уақытта жем-шөппен қамтамасыз ету үшін сурамалы жайылым мен шабындықтарды көбейту  үшін еңбек еткен.

Oблыстық мәслихат депутаты, Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Балжан Шәменованың төрағалығымен сессия алдындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен…