Тереңөзек ауданында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған ерекше шара — “Аялы әже” аудандық форумы өтті. Форум аясында аудан тұрғындары мен қонақтары әжелердің қолөнері мен даналығына толы көрмелерді тамашалап, ұлттық дәстүрлермен етене танысты.