Қазақша

Биыл Ұлы жеңіске 80-жыл. №5 мектеп-лицейінің оқушылары мерекеге орай ерлік пен елдікке толы түрлі өлең жолдарын оқыды. Ал мектеп ұстаздары соғыс уақытында болған оқиғаларды баяндап, ақпаратпен қанықтырды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің зертханалық-талдамалы бақылау бөліміне экскурсия жасады. Кездесу барысында экологиялық мәселелер,…

Аламан айтыстың түпкі мақсаты 100 жылдық тарихы бар «Қызылорда» атауының құрметіне орай ұымдастырылған. Айтысқа әр аймақтан,атап айтар болсақ Семей,Өскемен,Түркістан,Шымкент,және Қызылорда өңірінің суырып салма ақындар бақ сынасады. Шарада шаһар басшысының орынбасары Бақытжан Бауыржанұлы сөз сөйлеп,жарысқа қаысушыларға сәттілік тіледі.

Өрттің алдын алуда орман шаруашылығы мекемелерінде 15 өрт сөндіру автокөлігі, 10 дрон және 65 тұрақты өрт сөндіруші жасағы қызмет атқаруда.Соңғы 3 жылда өңірдегі орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық- техникалық базасын нығайтуға қаржы бөлінді. Биыл 62 техника мен 80-ге жуық құрал алу көзделуде. Орман және дала өрттерін сөндіру үшін 18 тонна жанар-жағармай қоры дайындалып, 15 қадағалау мұнарасында тұрақты кезекшілік ұйымдастырылған

Жылу беру маусымы аяқталысымен кварталаралық жылу желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. Өткен жылы қалада 9 шақырымға жуық құбыр жөнделсе, биыл 8 шықырымнан астам жылу желілері жаңартылады. Кетілгенді жетілдіріп, ескіні жаңалауға бас-аяғы 12 млрд теңгеден астам қаржы қажет.

Желілік маркетинг және электрондық коммерция деген желеумен күдіктілер 2019 жылдың тамыз айы мен 2022 жылдың қаңтар айы аралығында 51 тұрғыннан 63 373 408 теңге көлемінде қаражат алған. Атап айтқанда, күдікті Б есімді азамат аты барда, заты жоқ бағалы бұйымдарды компания шарттары бойынша деп, салымшыларға жарнама жасаған. Тергеу барысында салымшылардың 840 мыңнан, 1млн 500 мың теңгеге дейін қаражат салғаны белгілі болған