Жақында Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды мәлімдеме жасады. Ол Құрылтайдың келесі, бесінші отырысын Сыр елінде – Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Бұл – ежелгі тарихы мен терең рухани мұрасы бар Сыр өңірі үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік.Осыған орай, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев ұлттық құрылтайдың алдағы мақсаттары мен міндеттері бойынша дөңгелек үстел өткізді.