Бүгінде Арал ауданы халқының 72 пайызы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта Арал қаласының бергі бөлігі мен Сыр беткейінде орналасқан 15 мыңнан астам тұрғыны бар 18 елді мекенді кезең-кезеңімен табиғи газға қосу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев мәлімдеді.

