Бұл жылдамдықты бақылау жүйесі автожол бойындағы түрлі жол ережесін бұзу сондай-ақ апаттық қауіпсіздік жағдайлардың алдын алу шарасы бойынша іске қосылды. Ресми деректерге сүйенсек ағымдағы жылдың 22 күнінде 1271 құқық бұзушылық анықтылып 19 млн теңге айыппұл салынған.
Осы тұста тұрғындар көрсетілген белгілерді сақтамай жылдамдықты арттырған жағдайда «КазАвтоЖол» бойындағы жаңа «ZEREK-2» бақылаукамерасы барлық деректі анықтап тіркейтін болады.
Автор: Олжас Даут
Конференция жұмысына зиялы қауым өкілдері, ардагерлер ұйымының мүшелері мен қоғам белсенділері қатысып, аға буынның елдік мүдде жолындағы еңбегі, олардың қоғамдағы жауапты рөлі мен өнегелі жолы кеңінен сөз болды.
Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту аясында осындай спорттық шара өткізу – жақсы бастама. Бұл сайлау комиссиясы мүшелерінің бірлігін нығайтып, белсенді өмір салтын қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Аталған спорттық шара тікелей учаскелік сайлау комиссиялары арасында ұйымдастырылды. Жарысқа барлығы 10 команда қатысты. Әр команда құрамында 4 ер және 2 қыз ойыншыдан жасақталған. Қатысушылар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, өзара мықтыны анықтады.
СНХ: КЕҢЕС НӘСІБЕКОВ ҚАЛАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ
Жарыс жоғары деңгейде, тартысты жағдайда өтті. Командалар арасындағы бәсеке көрермендерге де ерекше әсер қалдырды. Ойын барысында қатысушылар ұйымшылдық пен өзара қолдаудың маңызын көрсете білді.
СНХ: ӘКІМҰЛЫҚПАН НҰРҒАЛИЕВ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Турнир қорытындысы бойынша үздік командалар мен ойыншылар бірнеше номинация бойынша марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
Шәмшат Төлепова атындағы мәдениет үйінде өткен тағылымды шара бейнепрологпен басталды. Бейнематериалда ауданның білім беру саласында қол жеткізген жетістіктері мен үздік білім ұжымдарының жұмысы, соңғы жылдардағы озат көрсеткіштері де көрсетіліп, ұстаздар қауымының еңбегі бағаланды.Шара барысында облыс және аудан әкімінің атынан үздік ұстаздарға Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар, сый-сияпаттар табысталды.
«Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» мейрамы махаббат пен сүйіспеншілікке арналған. Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шамамен 12-13 ғасырларда ғұмыр кешкен. Дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек иесі өле-өлгенше бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген.
Зауыт мамандарының айтуынша, асфальт-бетон жабындысы бірнеше негізгі қоспалардан тұрады: ұсақталған тас, құм, минералды ұнтақ және битум. Бұл құрамдас бөліктер дәл мөлшермен араластырылып, жоғары температурада арнайы қондырғыларда дайындалады. Соның нәтижесінде жолдың төзімділігі мен сапасын қамтамасыз ететін біртұтас жабынды алынады.
Бүгінгі таңда әйел – тек отбасының ұйытқысы ғана емес, бизнесте де табысқа жетіп, ел дамуына үлес қосып жүрген тұлға. «Re.Women: Forum» осы үрдісті қолдауға бағытталған маңызды алаң болды. Іс-шара барысында қатысушылар заманауи бизнес үлгілері мен инновациялық шешімдерді талқылап, қаржылық құралдарды тиімді пайдалану, маркетингтік стратегияларды дамыту, халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты ақпарат алды. Панельдік сессиялар мен практикалық кейстер арқылы қатысушылар бизнес-жоспарларын жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстармен танысты.
18 наурыз — Ұлттық киім күніне арналған « Ұлттық нақыш — болмысымыздың айнасы» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Аталмыш шара шаһарымыздың ең ірі сауда орталығының бірі «Aray city mall» да өтті.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде креативті индустрияны дамыту, мәдениет саласын цифрландыру мәселелері қаралды. Үкімет отырысынан кейін өткен мәжілісте аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласы, аудан әкімдері мен жауапты сала басшыларына креативті индустрия субъектілерінің қатысуымен өткізілетін ірі шаралар, жаңа жобалар бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

