Бүгінде Арал ауданы халқының 72 пайызы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта Арал қаласының бергі бөлігі мен Сыр беткейінде орналасқан…
Qogam TV
Өрттің алдын алуда орман шаруашылығы мекемелерінде 15 өрт сөндіру автокөлігі, 10 дрон және 65 тұрақты өрт сөндіруші жасағы қызмет атқаруда.Соңғы 3 жылда өңірдегі орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық- техникалық базасын нығайтуға қаржы бөлінді. Биыл 62 техника мен 80-ге жуық құрал алу көзделуде. Орман және дала өрттерін сөндіру үшін 18 тонна жанар-жағармай қоры дайындалып, 15 қадағалау мұнарасында тұрақты кезекшілік ұйымдастырылған
Қызылорда облысындағы гидроузел – тек ирригациялық маңызы бар су шаруашылығы нысаны ғана емес, сонымен қатар тарихи ескерткіш ретінде де бағаланады.…
Желілік маркетинг және электрондық коммерция деген желеумен күдіктілер 2019 жылдың тамыз айы мен 2022 жылдың қаңтар айы аралығында 51 тұрғыннан 63 373 408 теңге көлемінде қаражат алған. Атап айтқанда, күдікті Б есімді азамат аты барда, заты жоқ бағалы бұйымдарды компания шарттары бойынша деп, салымшыларға жарнама жасаған. Тергеу барысында салымшылардың 840 мыңнан, 1млн 500 мың теңгеге дейін қаражат салғаны белгілі болған
«Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» мейрамы махаббат пен сүйіспеншілікке арналған. Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шамамен 12-13 ғасырларда ғұмыр кешкен. Дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек иесі өле-өлгенше бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген.
Жобаны жүзеге асыруға мектептің жоғары сынып оқушылары атсалысты. Олар бірнеше ай бойы протездің дизайнын жасап, инженерлік және медициналық тұрғыдан зерттеулер жүргізіп, арнайы 3D-принтер арқылы құрылғының үлгісін жасап шықты. Протез қолдың қозғалыс функцияларын қайталап, иесі ми арқылы жіберетін сигналдарды қабылдай алады. Жоба жетекшісі айтуынша, бұл идея оған мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектескісі келгенде келген.
Пауэрлифтингтен Азия ойындары мен Әлем кубогының жеңімпазы — Станислав Шакеев Қызылорда облысының мақтанышы. Ол 2018 жылдан бері кәсіби түрде спортпен айналысып келеді. Мүмкіндігі шектеулі болса да, биік белестерді бағындырып, халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүр.
Жақында Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды мәлімдеме жасады. Ол Құрылтайдың келесі, бесінші отырысын Сыр…
Шара аясында Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінде пікірсайысшыларға арналған жаңа жобалық кеңсенің ашылу рәсімі де өтті. Бұл кеңсе – жастардың ойталқы мәдениетін дамытуға, жобалар жасап, пікір алмасуға арналған маңызды алаң. Жалпы білім беретін облыс бойынша 296 мектепте 307 клуб және 28 техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарында 28 дебаттық клубтарында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

