Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Бұл – еліміздегі екінші осындай нысан. Қазір облыста 250-ден астам параспортшы бар. Олардың арасында Азия ойындары мен Әлем кубогының жеңімпаздары да бар.