Биыл қызылордалық құтқарушылар Наурыз мейрамын өзгелерден кеш тойлады. Оның өзіндік себептері бар. Наурыз айының ортасында Ақмола және Ақтөбе облыстарындағы су тасқынының салдарын жою жұмыстарына екі құтқарушылар тобы қатысқан болатын. Олардың елге қайтып оралуын Төтенше жағдайлар департаменті күтіп, Наурыз мерекесін бірге атап өтуді жоспарлаған. Осындай игі шараға ардагерлер мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Автор: Садыков Даулет
Қызылордалық оқушы – республикалық білім бәйгесінде топ жарды. Жеңіс тұғырынан көрінген оқушыны мектеп ұжымы темір жол вокзалынан күтіп алды.
ҚР Президентінің кеңесшісі М.Отарбаев Сыр өңірінің дін саласы өкілдерімен келелі кездесу өткізді. Маңызды басқосуда дін өкілдері салада атқарылған жұмыстарға тоқталып, өз ұсыныстарын жеткізді.
Ұлттық құрылтайдың IV отырысындағы тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Сыр өңірінің мәдениет және медицина саласы өкілдерімен келелі кездесу өткізді.
Оңғар Бермаханов – Қызылорда өңірінің білім беру саласына зор үлес қосқан көрнекті ғалым. Оның есімін студенттердің мәңгі есте қалдыру және жас ұрпақты ғылымға баулу мақсатында ашылып отыр. Жаңа дәрісхана заманауи құралдармен жыбдықталған. Онда студенттер философия және гуманитарлық ғылымдар бойынша дәрістер мен семинарлар өткізе алады.
Қызылорда қаласы Достық үйінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтай отырысында айтқан идеологиялық жұмыстың негізгі бағыттары бойынша маңызды басқосу өтті. Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу үшін ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев арнайы келді.
Тереңөзек ауданында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған ерекше шара — “Аялы әже” аудандық форумы өтті. Форум аясында аудан тұрғындары мен қонақтары әжелердің қолөнері мен даналығына толы көрмелерді тамашалап, ұлттық дәстүрлермен етене танысты.
Көктем – жаңару мен жаңғырудың символы. Табиғат түрленіп, тіршілікке әр беретін осы мезгілде Қызылорда қаласы да жаңа тыныс алып, жайқалған гүлдермен ажарлана түсуде.
Жақында Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды мәлімдеме жасады. Ол Құрылтайдың келесі, бесінші отырысын Сыр елінде – Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Бұл – ежелгі тарихы мен терең рухани мұрасы бар Сыр өңірі үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік.Осыған орай, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев ұлттық құрылтайдың алдағы мақсаттары мен міндеттері бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Ғылым қызметкерлерінің күніне орай «Әлемді ғылым құтқарады – III» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шарада ректор Бейбіткүл Каримова өз сөзінде: «Ғылым – елдің болашағы. Университетімізде ғылым мен білімнің ұштасуына, жас ғалымдардың жаңа биіктерге жетуіне барлық жағдай жасалуда», – деп атап өтті.

