Автор: Садыков Даулет

Арал ауданының Мергенсай ауылдық округіне қарасты Жалаңаш ауылында 150 орындық мектептің ашылу рәсімі өтті. Оған аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев пен Мәжіліс депутаттары арнайы қатысты.

Read More

Мерекеде ұстаздарға деген ерекше құрметтің белгісі ретінде Айгүл Шілдебаева, Мархаббат Мұстафаева және Дәулет Шаханға «Біркөлік» сауықтыру кешеніне жолдамалар табысталды. Сонымен қатар, үздік білім беру ұйымдары түрлі номинациялар бойынша марапатталып, 1 миллион теңгелік сертификаттарға ие болды.
Бүгінгі таңда Жалағаш ауданында 1300-ге жуық ұстаз балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде. Олардың ішінде 1 Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері, 4 Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, 3 Ы.Алтынсарин медалінің иегері бар.

Read More

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен Назарбаев университетінің ұйымдастыруымен «Аймақтық білім беруді дамыту және маңызды реформаларды еңгізу» атты республикалық семинар өтті. Онда әр облыстан келген білім бөлімінің басшылары аймақтың білім саласында атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.

Read More

Сыр өңірінің тұрғындары үшін қуанышты жаңалық! Қызылорда қаласының сол жағалауында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар, жетім балалар және көпбалалы аналар үшін салынған көпқабатты тұрғын үй мамыр айында пайдалануға беріледі. Бұл – өңірдегі әлеуметтік қолдаудың айқын көрінісі және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Read More

Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР еңбек сіңірген гидротехнигі, өңірлік су шаруашылығының негізін қалаушы Әбубәкір Тыныбаевтың есімін иеленген білім ордасында мұражай мен жаңа география кабинетінің ашылу салтанаты өтті.

Read More

Биыл Ұлы жеңіске 80-жыл. №5 мектеп-лицейінің оқушылары мерекеге орай ерлік пен елдікке толы түрлі өлең жолдарын оқыды. Ал мектеп ұстаздары соғыс уақытында болған оқиғаларды баяндап, ақпаратпен қанықтырды.

Read More

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің зертханалық-талдамалы бақылау бөліміне экскурсия жасады. Кездесу барысында экологиялық мәселелер, экологиялық мәдениетті арттыру және жастардың экологиялық акцияларға қатысуы талқыланды.

Read More

Аламан айтыстың түпкі мақсаты 100 жылдық тарихы бар «Қызылорда» атауының құрметіне орай ұымдастырылған. Айтысқа әр аймақтан,атап айтар болсақ Семей,Өскемен,Түркістан,Шымкент,және Қызылорда өңірінің суырып салма ақындар бақ сынасады. Шарада шаһар басшысының орынбасары Бақытжан Бауыржанұлы сөз сөйлеп,жарысқа қаысушыларға сәттілік тіледі.

Read More