Автор: Садыков Даулет

24-27 наурыз аралығында Қызылорда облысының Еуропадағы өнер күндері өтті. Сыр елінің өнерпаздары Финляндия, Эстония және Испания елдеріне қазақ халқының бай мәдени мұрасын таныстырып, ұлттық өнерімізді дәріптеді.

Read More

Жерлесіміз жарыстың алғашқы айналымында ресейлік спортшыны айқын басымдықпен жеңсе, жартылай финалда Англия спортшысынан басым түсті. Ал шешуші сында Париж Олимпиадасының  чемпионы, бразилиялық Силва Ребеканы жеңіп, алтын медаль иегері атанды.

Read More

Экоклубтың мақсаты – студенттердің қоршаған ортаға деген саналы көзқарасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетті дамыту, табиғатты қорғауға белсенді қатысу, университетте және одан тыс жерлерде экологиялық мәселелерді шешу, сонымен қатар тұрақты даму ұстанымдары мен экологиялық таза технологияларды насихаттау. Айта кетейік, экоклуб мүшелерінің зерттеу жұмыстарын жүргізіп, іс-шаралар ұйымдастыруына қолайлы орта қалыптастыру негізінде қайта жаңғыртудан өткен дәрісхана пайдалануға берілді.

Read More

Бұған дейін аталған елдерден инвестиция тарту мақсатында  кәсіпкерлер арасында кездесулер өткен болатын. Арадағы экономикалық байланыстарды осы мәдени іс-шара бекіте түсті.Қызылорда облысының Еуропа мемлекеттеріндегі өнер күндерінің алғашқы концерті «NAURYZ – CELEBRATION OF SPRING» атауымен Финляндияның Хельсинки қаласында өтті.

Read More

Аспан бұлтты, күннің көзі көкте күлімдеп тұрмағанымен көпшіліктің көңіл-күйі көтеріңкі. Алаңда алтыбақан, ақшаңқан киіз үйлер, сәні мен салтанаты келіскен сахна. Қалыптасқан қағида бойынша ауыл әкімі ағайынды ақ түйенің қарны жарылған күнмен құттықтап, ауылдың әлеуетіне тоқталды.
Бұл жолғы жоралғыны ауылдың 80 жылы туылған тумалары ұйымдастырды. Шараны бұл азаматтар үш күнге лайықтап ұйымдастырған. Онда спорттық шаралар да, қасиетті Рамазан айына лайықталған, дүниеден өткен әруақтарға құран бағышталар ауызашар, белсенді атсалысқан азаматтарды марапаттау да бар. Үлгілі үрдіс Қуаңдария ауылында бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатыр.

Read More

Қазіргі уақытта облысымыздың барлық аудандарында екпінді жел байқалуда. Мамандардың айтуынша, бұл жағдай 26-27 наурыз аралығында сақталады. Қазіргі таңда түнгі температура 0 градус шамасында, ал күндіз ауа температурасы 5-10 градус аралығында.

Read More

Ең алдымен қалалық емханалар мен ауылдық елді мекендердегі емдеу ұйымдарының жәй-күйі талқыланды. Көмек көрсету ұйымдарына 382 023 тұрғын тіркелген. 66 пайыздан астам халық №1,3,4,5,6 қалалық емханалар мен орталық емханаға жүгінеді. Дегенмен көрсетілген қызметтерге көңілі толмайтын тұрғындар қай-кездеде өз базыналарын жеткізіп отырады. Сонымен қатар басы-ауырып балтыры сыздаған адам МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болса, ешқандайдада көмек көрсетілмейді. Мәселен қала бойынша 63 мыңға жуық тұрғын сақтандырылмаған.

Read More

Салтанатты шараны ашқан облыстың Бас имамы Дастан Жанасұлы байқаудың алдына қойған мақсат-мұратына тоқталып, қатысқан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өз алғысын жеткізді. Бұл байқаудың басты мақсаты – Ислам құндылықтарын, асыл дініміз бен ата салтымызды кеңінен насихаттау, исі мұсылман баласы асыға күтетін, он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының артықшылықтарын дәріптеу. Тәлімдік, тәрбиелік мәні бар шығармалар жазу арқылы қоғамды ізгілікке, жақсылыққа, қайырымдылыққа шақыру.

Read More