Автор: Олжас Даут

Қазақтың оюлы камзолы мен сәукелесі, шапаны мен тақиясы — халқымыздың бай мұрасы мен ұлттық мақтанышы. Бұл игі бастаманы еліміздің түкпір-түкпірінде қолдап жатқан жұртшылық аз емес.
Солардың бірі — Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының ұжымы.

Read More

Жарты ғасыр  мен 60 жылдан астам шаңырақтың шаттығын сақтап, ортақ ұрпақ өсіріп, бірге тәрбиелеп келе жатқан «Гаухар той» иелерімен «Алтын той» иелерін жиналған қауым салтанатты түрде күтіп алды. Мерей той иелеріне ақжарма тілектер айтылып, неке куәліктері жаңартылып,қайта ұсынылды. Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің «Алғыс хаты» табыс етілді. Білім саласында талай жыл еңбек етіп, ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбаған ардақты ұстаздар қандай құрметкеде лайық. Салтанатты шарада жазтаңдай әншілер есті әндерді шырқаса, күміс көмей дәстүрлі әншілер ескі әндерді жаңғыртты.

Read More

«Жасыл Қызылорда» мекемесінің қызметкерлері қыс бойы жылыжайларда өсірілген гүлдерді қала көшелеріне отырғызуға кірісті. Қыста арнайы күтім жасалып, барлық жағдай жасалған гүлдер бүгінде ашық топыраққа отырғызылуда.Қазіргі таңда гүлдер теміржол вокзалы, Назарбаев даңғылы, Жалаңтөс Баһадүр көшесі және Сыр Ана алаңында егілуде. Мамандардың айтуынша, дұрыс дайындықтың нәтижесінде өсімдіктер топыраққа тез бейімделіп, күзге дейін қаланы көркейтіп тұрады. Жақын күндері Қызылорда көшелері көктемнің сан алуан жарқын түстеріне бөленетін болады.

Read More

: Аралау барысында депутаттар №1 емхана, Қалалық орталық емхана және Қызылорда жоғары медициналық колледжіне барды. №1 емхана 32 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Дегенмен, ғимараттың тозуы мен жаңа емхана салу қажеттілігі өзекті мәселе болып отыр. Қалалық орталық емхана бірнеше ауданды қамтып келеді. Мұнда дәрігерлердің жетіспеушілігі, заманауи жабдықтардың қажеттілігі және күрделі жөндеу жұмыстарының қажеттілігі көтерілді. Қызылорда жоғары медициналық колледжінде студенттердің білім алу процесі көрсетілді. Колледжде интерактивті анатомиялық үстел, VR-жаттығу құралдары және 3D тренажерлар қолданылады. Сондай-ақ, шетелдік медициналық ұйымдармен ынтымақтастық орнатылған.

Read More

Өткен жылы әскери борышын өтеу үшін 320 сарбаз келген болатын. Олардың басым көпшілігі Оңтүстік өңірінен. Бүгінде бұл сарбаздар қала тыныштығын және тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін 2 ауысымдық күзету қызметіне кіріседі. Яғни жас сарбаздар кешкі сағат 19:00 ден бастап,түңгі 01:00 ге дейін қаланы күзетеді.

Read More

Бүгінде өңірде соғыс ардагерлерінің саны азайды. Өкінішке орай бәрі де, келместің кемесіне мініп кеткен. Бірақ ұрысқа қатыспасада, шыбықтайынан еңбек майданында шыңдалған тыл ардагерлері аз емес. Тыл ардагері Әбдіреева Патымаш анамыздың жастық шағы екінші дүниежүзілік соғыспен тұспа-тұс келді. Ол Қызылорда қаласы Сұлутөбе  ауылы  Бірлестік елді мекенінде дүниеге келген. 1943 жылы соғыс жылдары Тартоғай каналын қазуға қатысып, ауылда бел орақпен шөп орып ерең еңбектің үлгісін көрсеткен жан. Нан пісіретін комбинатта наубайханашы болып та жұмыс істеген. Бүгінгі күні, 9 ұл-қыз тәрбиелеп, олардан  33 немере, 14 шөбересі бар.

Read More

Кайсар спустя двадцать лет снова в финале Кубка Казахстана.  Радость футбольным  фанатам степных волков принес золотой гол армянского легионера Кайсара Тиграна Барсегяна на последнем минуте матча. https://youtu.be/NwYVRA_2j60

Read More

Қызылорданың Қайсар футбол клубы Қазақстан кубогінің финалына өтті. Жартылай финалдың жауапты ойынында түз тағылары Қостанайлық Тобылмен кездесті. Тартысты өткен матчта Қайсар қайсарлық көрсетіп, 3 – 1 есебімен жеңіске жетті. Финалдық ойын 22 қыркүйекте өтетін болады. Қайсардың ақтық сындағы қарсыласы Атыраулықтар. Айта кететін жайыт, Қайсар командасы Қазақстан кубогінің финалына 20 жылдық үзілістен кейін шығып отыр. https://youtu.be/CG2cdp8Xggg

Read More