Өңірдегі жолдардың сапасы қашанда маңызды мәселе. Осыған орай, қаламыздағы ірі асфальт-бетон өндірушілері – «Қыран» және «УАД» компанияларына БАҚ өкілдері пресс-тур ұйымдастырды. Шараның мақсаты – журналистерді асфальт жабындысының дайындалу технологиясымен таныстырып, оның сапасын бақылау үдерісін көрсету.