Желілік маркетинг және электрондық коммерция деген желеумен күдіктілер 2019 жылдың тамыз айы мен 2022 жылдың қаңтар айы аралығында 51 тұрғыннан 63 373 408 теңге көлемінде қаражат алған. Атап айтқанда, күдікті Б есімді азамат аты барда, заты жоқ бағалы бұйымдарды компания шарттары бойынша деп, салымшыларға жарнама жасаған. Тергеу барысында салымшылардың 840 мыңнан, 1млн 500 мың теңгеге дейін қаражат салғаны белгілі болған
БІздің жаңалықтар
«Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» мейрамы махаббат пен сүйіспеншілікке арналған. Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шамамен 12-13 ғасырларда ғұмыр кешкен. Дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек иесі өле-өлгенше бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген.
Жобаны жүзеге асыруға мектептің жоғары сынып оқушылары атсалысты. Олар бірнеше ай бойы протездің дизайнын жасап, инженерлік және медициналық тұрғыдан зерттеулер жүргізіп, арнайы 3D-принтер арқылы құрылғының үлгісін жасап шықты. Протез қолдың қозғалыс функцияларын қайталап, иесі ми арқылы жіберетін сигналдарды қабылдай алады. Жоба жетекшісі айтуынша, бұл идея оған мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектескісі келгенде келген.
№5 арнайы мектеп – интернаты 2013 жылдың 27 қарашасынан бастап өз жұмысын бастаған. Қазіргі таңда білім ордасында 74 оқушы білім алуда. Бұл мекеме ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін сапалы білім мен тәрбие беретін білім ошағы болып саналады. Мектепте білім берумен қатар балаларды жан-жақты дамыту мақсатында түрлі түзету сабақтары да жүргізіледі.
ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Асқар Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде әскери қызметшілермен кездесті
Пауэрлифтингтен Азия ойындары мен Әлем кубогының жеңімпазы — Станислав Шакеев Қызылорда облысының мақтанышы. Ол 2018 жылдан бері кәсіби түрде спортпен айналысып келеді. Мүмкіндігі шектеулі болса да, биік белестерді бағындырып, халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүр.
Биыл қызылордалық құтқарушылар Наурыз мейрамын өзгелерден кеш тойлады. Оның өзіндік себептері бар. Наурыз айының ортасында Ақмола және Ақтөбе облыстарындағы су тасқынының салдарын жою жұмыстарына екі құтқарушылар тобы қатысқан болатын. Олардың елге қайтып оралуын Төтенше жағдайлар департаменті күтіп, Наурыз мерекесін бірге атап өтуді жоспарлаған. Осындай игі шараға ардагерлер мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Қызылордалық оқушы – республикалық білім бәйгесінде топ жарды. Жеңіс тұғырынан көрінген оқушыны мектеп ұжымы темір жол вокзалынан күтіп алды.
ҚР Президентінің кеңесшісі М.Отарбаев Сыр өңірінің дін саласы өкілдерімен келелі кездесу өткізді. Маңызды басқосуда дін өкілдері салада атқарылған жұмыстарға тоқталып,…
Ұлттық құрылтайдың IV отырысындағы тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Сыр өңірінің мәдениет және медицина саласы өкілдерімен…

