ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде креативті индустрияны дамыту, мәдениет саласын цифрландыру мәселелері қаралды. Үкімет отырысынан кейін өткен мәжілісте аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласы, аудан әкімдері мен жауапты сала басшыларына креативті индустрия субъектілерінің қатысуымен өткізілетін ірі шаралар, жаңа жобалар бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.