Қызылорданың Қайсар футбол клубы Қазақстан кубогінің финалына өтті. Жартылай финалдың жауапты ойынында түз тағылары Қостанайлық Тобылмен кездесті. Тартысты өткен матчта Қайсар қайсарлық көрсетіп, 3 – 1 есебімен жеңіске жетті. Финалдық ойын 22 қыркүйекте өтетін болады. Қайсардың ақтық сындағы қарсыласы Атыраулықтар. Айта кететін жайыт, Қайсар командасы Қазақстан кубогінің финалына 20 жылдық үзілістен кейін шығып отыр.