Иісі мұсылман үшін бұл түн 1000 айдан да қадірлі. Дәл осы түні ислам дінін ұстанушы жамағат ел мен жердің, жақындарының амандығын тілеп, таңға дейін құлшылықпен өткізеді.
Автор: Садыков Даулет
Жария тыңдауда өндірістік филиал директоры Айбек Ерғали қызмет бағасының өсуіне қатысты мән-жайды баяндап берді. Оның айтуынша, кейінгі кезде облыста тұрғын үй құрылысы мен елді мекендерді газдандыру көрсеткіші артып келеді. Осының нәтижесінде тұрғындардың «көгілдір отынды» пайдалануы кеңейе түскен. Мәселен, 2020 жылмен салыстырғанда былтыр 22,5 пайызға ұлғайған. Атап айтқанда, төрт жылдың ішінде 34 елді мекен газға қосылған. Бүгінде өңірде абоненттер саны 144 мыңнан асады. Қазір тауарлық газды бөлшек саудада өткізу қызметінің бағасы 20 теңгені құраса, оны тағы да 2,9 теңгеге қымбаттатуға өтінім берілді. Бұл жөнінде нақты шешімді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаменті қабылдайды.Газ бағасы қымбаттайма әлде өз бағасында қалама бұл 1 сәуір күні белгілі болмақ.
Биыл тазалық жұмыстарына 63 мыңнан астам еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері атсалысуда. Елді мекендердегі скверлер мен парктер, тарихи- мәдени ескерткіштер, әлеуметтік нысандар, өнеркәсіп және бизнес нысандары, су объектілері, көшелердің бойы тазартылып, 2 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Оған 600-ден астам техника жұмылдырылған. «Наурызнама» онкүндігінің 19 наурызға белгіленген Жаңару күнінде «Жасыл желек» ағаш отырғызу, көркейту, көгалдандыру акциясы ұйымдастырылды. Облыс аумағына 5920 түп тал отырғызылды.
Салтанатты шараны ашқан облыстың Бас имамы Дастан Жанасұлы байқаудың алдына қойған мақсат-мұратына тоқталып, қатысқан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өз алғысын жеткізді. Бұл байқаудың басты мақсаты – Ислам құндылықтарын, асыл дініміз бен ата салтымызды кеңінен насихаттау, исі мұсылман баласы асыға күтетін, он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының артықшылықтарын дәріптеу. Тәлімдік, тәрбиелік мәні бар шығармалар жазу арқылы қоғамды ізгілікке, жақсылыққа, қайырымдылыққа шақыру.
1 наурыз бен 30 маусым аралығында 18-27 жастағы 900-ге жуық қызылордалық азамат еліміздің Қарулы күштері мен әскери құрылымдарында қызметтерін өтейді. Сонымен қатар, 15-ке жуық сарбаз Мемлекеттік күзет қызметіне, ал 20-ға жуық азамат Төтенше жағдайлар министрлігіне жолданады. Айта кету керек, сарбаздардың мерзімді қызмет кезінде несие мерзімін 1 жылға тоқтатуға және білім беру секторында жеңілдіктер қарастырылған.
Қармақшы ауданында дүниеге келген Күләш Алматшаева алғашқы еңбек жолын осы мектептен бастап, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған. Өткен ғасырдың сексенінші жылдардың соңынан бері жұмыс істеп келе жатқан мұражайдың мектеп ішінен ашылуына мектеп сол кездегі мектеп директоры Рахат Құлтановтың еңбегі ерен. Күләш Алматшаеваның айтуынша сол уақытқа мектеп директоры алғашқы жәдігер ретінде мектептің кілті мен алғашқы қоңырауды табыстаған.
Шара барысында Асқар Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінің өнерпаз қариялары мен ақ самайлы аналары концерттік бағдарлама ұсынды. Қариялар үшін халық әні мен күйлері шырқалды. Мерекелік шараның тағы бір ерекшелігі-ұлттық спорттық ойындар. Ардагерлер арқан тартысып, гір көтеріп, ләңгі теуіп жарысты. Ұйымдастырушылар бұл дәстүрлі шараны жыл сайын өткізуге ниетті. Ал қариялар мұндай кездесулер олардың өміріне қуаныш сыйлап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік беретінін айтты.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде елуге жуық жас ғалым бар. Олардың ғылыми ізденістері мен жаңалықтар ашуына мемлекет пен оқу орны жан-жақты қолдау көрсетуде. Әсіресе, бесінші оқу ғимаратында заманауи құралдармен жабдықталған зертхана жұмыс істейді. Мұнда студенттер зерттеу жүргізіп, өз ғылыми жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сол жас ғалымдардың бірі – Мағжан Бекқожаев.
2025 жыл елімізде Президентіміздің бастамасымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Қазіргі таңда энергетика және құрылыс салалары еліміздің инфрақұрылымдық және экономикалық тұрақтылығының негізі болып табылады. Электр станцияларының үздіксіз жұмыс істеуі, заманауи ғимараттардың салынуы, және жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту – мұның бәрі жоғары білікті жұмысшы мамандардың қолымен іске асырылады. Дегенмен, соңғы жылдары осы саладағы мамандықтарға қызығушылық төмендеп, жұмысшылардың жетіспеушілігі өзекті мәселеге айналды. Президенттің бұл бастамасы осы мәселелерді шешуге бағытталған қадамдардың бірі.
Биыл Қызылорда облысында жалпы сыйымдылығы 34,7млн.м3 болатын 6 су қоймасы көп факторлы тексеруден өтті. Одан бөлек 22 магистралды канал, 1 қорғаныс дамбасы 2 су тастайтын құрылыстар да тексерілді.