Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттер сарайында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – әлемнің ажары» атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік кеш университеттің Басқарма төрағасы – ректоры Бейбіткүл Сәрсемханқызының қатысуымен өтті. Ректор өз сөзінде университеттегі әйелдердің қоғамдағы маңызды рөлін, оқу орнының дамуына қосқан үлесін атап өтіп, еңбектеріне жоғары баға берді.
Автор: Садыков Даулет
Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана-әлемнің бастауы» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Мерекелік іс-шарада кірістер басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов әйелдер қауымын арнайы құттықтап өз алғысын жеткізді.
Қармақшы аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйелмен әлем әдемі» атты салтанатты іс-шара өтті. Көктемнің шуақты мерекесіне орай ұйымдастырылған кешке аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысып, ардақты аналар мен нәзік жандыларды құттықтады.
Қармақшы ауданының «Руханият» орталығында көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күніне орай ауданның дамуына өз үлесін қосып жүрген ардақты аналар мен қыз-келіншектермен аудан әкімі Жандос Еркінбек кездесіп, мерекелік қабылдау өткізді.
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Алматы облысының «Анаға құрмет» музейі ұсынған «Аналардың аманаты» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.
Бүгінгі сюжетіміз нәзіктік пен талғампаздықтың символына айналған кішкентай перизат – Карина Аманбердиеваға арналады. 7 жасар қыз би әлемінде ерекше талантымен, еңбекқорлығымен көзге түсіп, жеңіс тұғырынан көрініп келеді.
Сабира Майқанова атындағы мәдениет үйінің «Бастаңғы» аналар ансамблі Астанада өткен халықаралық байқаудан жүлдемен оралды. Бүгін таңертен теміржол вокзалынан әріптестерімен жанкүйерлері сән-салтанатпен күтіп алды. 9 наурыз күні Астана қаласында ALASH өнер орталығының ұйымдастырумен Халықаралық көпжанрлы «Alash star» өнер байқауында Тасбөгет кенті, С.Майқанова атындағы мәдениет Үйі жанынан құрылған «Бастаңғы» әжелер ансамблі толағай жүлдемен оралды. Байқауға әжелер бірнеше номинациялар бойынша қатысты. «Хормен ән салу» жанры бойынша — Бас жүлде, «Қолөнер» жанры бойынша — Алшынбаева Бисенкүл, Мубаракова Базаркул – Бас жүлде, Жақанова Раушан, Сералиева Үміткул «Ән салу» жанры бойынша — І орын, «Дәстүрлі ән» — Көрпешова Шамшырақ – І орын, Хайруллаева Анифа «Көркемсөз» жанры…

