Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттер сарайында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – әлемнің ажары» атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік кеш университеттің Басқарма төрағасы – ректоры Бейбіткүл Сәрсемханқызының қатысуымен өтті. Ректор өз сөзінде университеттегі әйелдердің қоғамдағы маңызды рөлін, оқу орнының дамуына қосқан үлесін атап өтіп, еңбектеріне жоғары баға берді.