Сабира Майқанова атындағы мәдениет үйінің «Бастаңғы» аналар ансамблі Астанада өткен халықаралық байқаудан жүлдемен оралды. Бүгін таңертен теміржол вокзалынан әріптестерімен жанкүйерлері сән-салтанатпен күтіп алды.
9 наурыз күні Астана қаласында ALASH өнер орталығының ұйымдастырумен Халықаралық көпжанрлы «Alash star» өнер байқауында Тасбөгет кенті, С.Майқанова атындағы мәдениет Үйі жанынан құрылған «Бастаңғы» әжелер ансамблі толағай жүлдемен оралды. Байқауға әжелер бірнеше номинациялар бойынша қатысты. «Хормен ән салу» жанры бойынша — Бас жүлде, «Қолөнер» жанры бойынша — Алшынбаева Бисенкүл, Мубаракова Базаркул – Бас жүлде, Жақанова Раушан, Сералиева Үміткул «Ән салу» жанры бойынша — І орын, «Дәстүрлі ән» — Көрпешова Шамшырақ – І орын, Хайруллаева Анифа «Көркемсөз» жанры бойынша –І орындарды иеленді. Енді алдағы уақытта Түркияда өтетін халықаралық сайыста дәл осы құрам өнер көрсетпек.