Қоғамдық кеңес құрамында отыз мүше бар. Кеңес үш жыл ішінде қоғам мен атқарушы билік арасында диалог алаңы болды. Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру, атқарушы, өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету міндетін де абыроймен атқарды. Комиссиялар бюджеттік бағдарламалардың, аймақтың стратегиялық даму жоспарының орындалу барысын зерделеді
«Шарайна» хабары
Бәйтерек мөлтек ауданының тұрғынын осыдан бірнеше күн бұрын кене шаққаны анықталған. Тексеріс барысында тұрғынның үйінде ешқандай малдың жоқтығы белгілі болған. Бүгінде науқас дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Бұл аса қауіпті аурудың алдын алудағы тиімді шаралардың бірі – кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары. Жыл сайын жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, барлық қолайсыз елді мекендерде кенеге қарсы өңдеу шаралары екі кезеңмен жүзеге асырылады.Бірінші кезең 9 сәуір мен 18 сәуір аралығы,екінші кезең 21 сәуір мен 30 сәуір аралығында жүргізіледі.
Бүгінгі таңда әйел – тек отбасының ұйытқысы ғана емес, бизнесте де табысқа жетіп, ел дамуына үлес қосып жүрген тұлға. «Re.Women: Forum» осы үрдісті қолдауға бағытталған маңызды алаң болды. Іс-шара барысында қатысушылар заманауи бизнес үлгілері мен инновациялық шешімдерді талқылап, қаржылық құралдарды тиімді пайдалану, маркетингтік стратегияларды дамыту, халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты ақпарат алды. Панельдік сессиялар мен практикалық кейстер арқылы қатысушылар бизнес-жоспарларын жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстармен танысты.
Бірі үй, екіншісі мал шаруашылығына жер, тіпті жұмыс орнын сақтап қалуды сұрады. Иә, күні кеше Шиелі ауданы әкімінің құқық қорғау…
Қай кәсіпте болмасын, табандылық пен еңбек етуге деген ерік-жігердің болуы шарт.8 жылдан бері тігін саласында жүрген Жанар Прекеева бұл сөзді…
Достық үйінде» «Сыр елі – достық мекені» атты республикалық Ассамблея жастары форумының пленарлық отырысы өтті.
Қызылорда облысының мәслихат депутаттары Талсуат ауылдық округінде орналасқан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жұмысымен, қызмет алушылардың жай-күйімен танысты. танысты.
Бүгінгі таңда ерекше күтімді қажет ететін балаларға қолдау көрсету – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. Осы бағытта «Қамқорлық» оңалту орталығы ерекше…
«Тағзым» алаңында Тәжік-Ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасы өтті.
Қоғамда резонанс тудырған оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу оқиғасы бойынша 9 адамға сот үкімі шықты .16 жастағы қызды сыныптастары сексуалды құлдықта ұстаған.…

