Қазақша

«Жасыл Қызылорда» мекемесінің қызметкерлері қыс бойы жылыжайларда өсірілген гүлдерді қала көшелеріне отырғызуға кірісті. Қыста арнайы күтім жасалып, барлық жағдай жасалған гүлдер бүгінде ашық топыраққа отырғызылуда.Қазіргі таңда гүлдер теміржол вокзалы, Назарбаев даңғылы, Жалаңтөс Баһадүр көшесі және Сыр Ана алаңында егілуде. Мамандардың айтуынша, дұрыс дайындықтың нәтижесінде өсімдіктер топыраққа тез бейімделіп, күзге дейін қаланы көркейтіп тұрады. Жақын күндері Қызылорда көшелері көктемнің сан алуан жарқын түстеріне бөленетін болады.

Қармақшы ауданында дүниеге келген Күләш Алматшаева алғашқы еңбек жолын осы мектептен бастап, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған. Өткен ғасырдың сексенінші жылдардың соңынан бері жұмыс істеп келе жатқан мұражайдың мектеп ішінен ашылуына мектеп сол кездегі мектеп директоры Рахат Құлтановтың еңбегі ерен. Күләш Алматшаеваның айтуынша сол уақытқа мектеп директоры алғашқы жәдігер ретінде мектептің кілті мен алғашқы қоңырауды табыстаған.

: Аралау барысында депутаттар №1 емхана, Қалалық орталық емхана және Қызылорда жоғары медициналық колледжіне барды. №1 емхана 32 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Дегенмен, ғимараттың тозуы мен жаңа емхана салу қажеттілігі өзекті мәселе болып отыр. Қалалық орталық емхана бірнеше ауданды қамтып келеді. Мұнда дәрігерлердің жетіспеушілігі, заманауи жабдықтардың қажеттілігі және күрделі жөндеу жұмыстарының қажеттілігі көтерілді. Қызылорда жоғары медициналық колледжінде студенттердің білім алу процесі көрсетілді. Колледжде интерактивті анатомиялық үстел, VR-жаттығу құралдары және 3D тренажерлар қолданылады. Сондай-ақ, шетелдік медициналық ұйымдармен ынтымақтастық орнатылған.

Шара барысында Асқар Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінің өнерпаз қариялары мен ақ самайлы аналары концерттік бағдарлама ұсынды. Қариялар үшін халық әні мен күйлері шырқалды. Мерекелік шараның тағы бір ерекшелігі-ұлттық спорттық ойындар. Ардагерлер арқан тартысып, гір көтеріп, ләңгі теуіп жарысты. Ұйымдастырушылар бұл дәстүрлі шараны жыл сайын өткізуге ниетті. Ал қариялар мұндай кездесулер олардың өміріне қуаныш сыйлап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік беретінін айтты.

Өткен жылы әскери борышын өтеу үшін 320 сарбаз келген болатын. Олардың басым көпшілігі Оңтүстік өңірінен. Бүгінде бұл сарбаздар қала тыныштығын және тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін 2 ауысымдық күзету қызметіне кіріседі. Яғни жас сарбаздар кешкі сағат 19:00 ден бастап,түңгі 01:00 ге дейін қаланы күзетеді.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде елуге жуық жас ғалым бар. Олардың ғылыми ізденістері мен жаңалықтар ашуына мемлекет пен оқу орны жан-жақты қолдау көрсетуде. Әсіресе, бесінші оқу ғимаратында заманауи құралдармен жабдықталған зертхана жұмыс істейді. Мұнда студенттер зерттеу жүргізіп, өз ғылыми жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сол жас ғалымдардың бірі – Мағжан Бекқожаев.

№ 145 «Бірқазан» орта мектебінде облыстық семинар өтті. «PISA» халықаралық зерттеулері мен  Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторинг бойынша өткен семинарға …