жалағаш

Мерекеде ұстаздарға деген ерекше құрметтің белгісі ретінде Айгүл Шілдебаева, Мархаббат Мұстафаева және Дәулет Шаханға «Біркөлік» сауықтыру кешеніне жолдамалар табысталды. Сонымен қатар, үздік білім беру ұйымдары түрлі номинациялар бойынша марапатталып, 1 миллион теңгелік сертификаттарға ие болды.
Бүгінгі таңда Жалағаш ауданында 1300-ге жуық ұстаз балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде. Олардың ішінде 1 Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері, 4 Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, 3 Ы.Алтынсарин медалінің иегері бар.