Статистикалық деректерге қарағанда, еліміздегі төтенше жағдайлардың 90 пайызы өрт салдарынан болады. Өңіріміздің құрғақ, желді климатын ескерсек, дала өрттерінің тұтану, тез таралу қаупі аса жоғары. Осы орайда, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өртке қарсы дайындық, су тасқынының алдын алу мәселелері талқыланған жиын өткізіп, жауапты сала басшыларына тапсырма жүктеді.